ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖҮЛДЕ

2550

0

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматыда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мен «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бірлесе отырып, республика көлемінде жазба ақындары мен прозаиктер арасында әдеби байқау жарияланған болатын. Аталған шараға Алаш қайраткері Т.Жүргеновтің 120 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығы, сондай-ақ, Рухани жаңғыру бағытындағы «Туған жер» бағдарламасының төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар арқау болды.
Байқаудың мақсатына сай мем­лекеттік тілдің қол­даныс аясын кеңей­туге, көркем әдебиетті кеңі­нен насихаттауға көңіл бөлінді. Та­қырып бойынша қалам тербеген әде­биет өкілдері Т.Жүргеновтің сол дәуір­дегі саяси тұлғасын сомдап, оның оқу-ағарту және мәдениет сала­сына сіңірген орасан зор еңбегін шығар­ма­шылық туын­дылары арқылы баяндады.
Сол бір солақай саясат салдарынан жазықсыз жаза тартқан Алаш қайраткерінің асыл арманы бүгінгі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен үнде­сіп жатыр. Сондықтан жаңа туын­­дылардан оның ұлт мұрасын қор­ғаудағы көсемдік келбеті көрініс тапты.  
Байқауға 14 ақыннан 23 өлең, 8 жазушыдан 9 прозалық шығарма түскен болса, қазы­лардың сара­лауымен үздік туындылар анықталып, қар­жылай жүлделер табысталды.
Айталық, ақындар мүшәй­расы бойынша байқаудың бас жүлдесі – 300 мың теңгені Қажи Серікжан қанжығасына байласа, жерлесіміз Толыбай Абылаев І орынның 200 мың теңге жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, прозаиктер байқауында бас жүлде «Темірше» әңгімесінің авторы, жазушы А.Кемелбайға бұйыр­са, І орынды «Темірбекті ат­қан жендет» әңгімесі үшін Е.Айғалиұлы еншіледі.

Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<