МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ МАҢЫЗДЫ ИНСТИТУТ

249

0

Әдеп жөніндегі уәкіл – мем­лекеттік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларының сақ­талуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Рес­публикасы мем­лекеттік қызмет­ші­­лерінің әдеп кодексін бұзбауды қам­та­масыз ету қызметін жүзеге асы­ратын, сондай-ақ өз функция­лары шегінде мемлекеттік қызмет­шілер мен азаматтарға кон­суль­тация беретін мемле­кеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қыз­метін – «Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік қыз­меті туралы», «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қа­зақстан Респуб­ли­­­ка­­сының заңдарын, «Әдеп» кодексін және Қазақстан Республи­касы Пре­зидентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жар­лы­ғымен бекітілген Ережені, сондай-ақ ҚР өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алып жүзеге асырады.  
Ол өз құ­зыреті шегінде, мемлекеттік қызмет­шілерге ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заң­намасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мә­се­лелері бойынша кон­сультациялық көмек көрсетеді. Мем­лекеттік қызметшілердің заң­­дарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді. Өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның мем­лекет­тік қызметшілердің қыз­мет­тік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Жеке және заңды тұл­ғалардың өтініштерін объек­тивті, жан-жақты әрі уақы­ты­лы, қажет болған жағдайда олар­­дың қатысуымен қарауды қам­­та­масыз етеді. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдеп­тілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалып­тас­тыруға жәрдемдеседі. Мем­лекеттік қызметшілердің құқық­тары мен заңды мүдделері бұзылған жағ­дай­ларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Мемлекеттік қызметшілер ҚР мемлекеттік қызмет, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңна­ма­сын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзу­шы­лықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді.
Мемлекеттік орган басшы­лары­ның бейтараптығы негізді кү­мән тудыратын, лауазымдық өкілет­тіктерін тиісінше орын­да­мау­ға әкеп соғатын мән-жайлар бол­ған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
Ж.ДҮЗЕЛБАЕВА,
ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекция басшысының
орынбасары –
әдеп жөніндегі уәкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<