Мәселелер бойынша ұсынымдар берілді

311

0

Жуырда Қызылордада Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлының төрағалығымен өткізілген кеңесте 8 мәселе қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру және электронды қызметтердің үлесін арттыру және Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары, Жалағаш ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған қызметінің нәтижелері туралы хабарламалар тыңдалды.

Келесі кезекте, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Исмаилованың тәртіптік ісі қаралып, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпай, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің
5-тармағының 2, 6, 7, 14-тармақшаларында көзделген талаптарды сақтамағаны үшін Г.Исмаиловаға «қатаң сөгіс» тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері, Қызылорда қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Жумадиллаевтың тәртіптік ісі қаралып, бөлім басшысының кәсіпкердің қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы арқылы және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды бұзып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының
1-тармағының 4 және 12-тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолдану жөнінде шешім етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасымен
2018 жылдың 2 ақпанында бекітілген «Мемлекеттік қызметтегі әдеп деңгейін жетілдіру бойынша» 2018 жылға арналған Кешенді Жоспарына сәйкесмемлекеттік органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылдаған шараларға жүргізілген талдау нәтижесі, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына, тегін медициналық қызмет алу, жыл сайын медициналық тексеруден өтуіне, спорт кешендеріне тегін баруын қамтамасыз етілуіне жүргізілген мониторинг нәтижелері, Әдеп кеңесі мүшелерінің 2018 жылдың 2-ші жарты жылдығына арналған жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі талқыланды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<