«7-20-25»: ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ КЕРЕК?

430

0

  «7-20-25» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев тұрғын үй бағдарламасының талаптары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында сатылатын баспананың бағасы шектеулі. «Бағалық коньюнктураның өзгеруі көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде ұсыныс пен сұранысқа тікелей тәуелді. Біз сұранысты ынталандырып жатырмыз. Жақсы ұсыныс қалыптастыру – басты міндет. Құрылысшылардың көпшілігі болашақта бұл сұранысты қанағаттандыра алатын қуаты бар. Осындай баланс болған жағдайда бағалық коньюнктураның өзгеруіне ықпал ететін фактор бола қоймайды. Яғни, бағдарлама арқылы сатылатын баспананың бағасы шектеулі. Бағдарлама жасалғанда баспананың орташа бағасы алынды. Сондықтан, максималды планка енгізілді. Бұл болашақта бағаның құбылуына қарсы жұмыс жасайтын болады» деді Данияр Ақышев.

Ең ұзақ кредит мерзімі – 25 жыл, бағасы  – 25 миллион

Бағдарламаның басты операторы – «Баспананың» басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтің айтуынша, Мемлекет басшысы белгілеген «7-20-25 әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасының негізгі өлшемдері  өзгеріссіз қалады. Яғни, бұл түпкілікті мөлшерлеме жылдық 7%, комиссиясыз және қосымша ақысыз, тұрғын үй құнының бастапқы жарнасы – 20 пайыз, кредиттің ең ұзақ мерзімі – 25 жыл. Ол тұрғын үйді сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін – 15 млн теңге деп белгілен. Нысаналы индикаторларға сәйкес, ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі – 1 триллион теңге.

Ипотекалық қарыз болмауы керек

Қайрат Алтынбековтің мәлімдеуінше, «Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы тиіс. Қазіргі таңда «Баспана» екінші деңгейлі Центркредит, Халық, Еуразия, Цесна, АТФ,  РБК және Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерімен келісімге қол қойды. Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытып отыр және техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жөніндегі келісімге қол қоюға дайын. Осылайша, біздің әріптес банктеріміздің дамыған желісін ескере отырып, біз «7-20-25» ипотекалықбағдарламасы елдің барлық өңірлерін қамтып, Қазақстанның көптеген азаматтардың тұрғын үй алуына көмектеседі».

Керек құжаттар:

  1. Әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттар.
  2. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәлімет.
  3. Тұрғын үйінің болмауы туралы анықтама.
  4. Сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуы тиіс.

Анық-қанық ақпарат білгіңіз келсе…

Тұрғындардың сауалдары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алау үшін де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. «Ипотекалық кредиттерді сатып алу тетігі әріптес банктермен оңтайлы пысықталуда. Банктер ипотекалық кредиттерді «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкес береді, «Баспана» өз кезегінде банктерден ипотекалық кредиттерді сатып алады. Біз ресмиwww.baspana72025.kz сайтын іске қостық, одан барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қолжетімді болады» деді Қ. Алтынбеков.

Майра БАҚЫТ

aikyn.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<