«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ

343

0

Келесі дүйсенбіден, яғни 16 шілдеден бастап «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағыты өз жұмысын бас­тайды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері ұйымдастырылатын әуе тасымалы «Аэрофлот» компания­сының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі.  

Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» транс­фері де ұйымдастырылады.

Биыл мамыр айында «Қор­қыт ата» әуежайының қыз­мет­керлерін «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандары арнайы оқытып, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығы тексеруден өткізілді.

– Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімші­лігімен әуе бағытының жұ­мы­сын жандандыру мақса­тында әуежайға жететін автобус маршрутын ұйымдастыруды келісті. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзанға түседі – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Айта кетейік, алғашқы рейс билеттерінің көп бөлігі сатылған.

 Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты (жергілікті уа­қытпен) – 06:10, ұшу уа­қыты – 07:20. Сатып алған уа­қытына қарай бизнес-класс билеттерінің

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<