![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-08/medium/1533554776_38514647_671444023212602_2953282455475322880_n.jpg)
Мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау мен етихан қабылдауда артықшылықтар көрсетуді алдын алу мақсатында жергілікті арнайы мониторингтік топ өкілдері Арал көпсалалы және индустриялды-техникалық колледждерінде, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Қазалы аграрлық – техникалық колледжі мен гуманитарлық-техникалық колледждерінде болып, құжаттар қабылдау комиссияларының жұмысымен танысты.
Топ өкілдері талапкерлерден құжаттар қабылдауға қатысып, емтихан қабылдау процессіне бақылау жүргізу мәселелерін пысықтады.
Құжат тапсырған үміткерлер тізімі нақтыланып, емтихан қабылдау тәртібімен танысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<