Шиелі, Жаңақорған аудандарында арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесу өткізілді

477

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы Шиелі және Жаңақорған аудандарында арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесулерде департамент басшысы Абзал Сансызбайұлы оқуға қабылдау барысын бақылау мақсатында мемлекеттік білім гранттарының тапсырыстарын алатын облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік және жеке колледждерде емтихан қабылдау комиссияларының құрамына арнайы мониторингтік топ мүшелерінің енгізілгендігін атап өтті.
Мониторингтік топ мүшелеріне талапкерлердің заңсыз оқуға түсуі мен оған артықшылықтар көрсетуді анықтау, талапкерлердің емтихан тапсыруын бақылау, оқу орындарымен талапкерлерге білім беру гранттарының тағайындалуын қарау, тестілеу мен әңгімелесу сатысын бақылау және нәтижелерін қарау, тестілеу барысы мен емтихан қабылдау барысын бақылау, комиссия мүшелерінің емтихан отырыстарына қатысуын және олардың шынайы дауыс беруін қадағалау, емтихан нәтижелері бойынша білім беру гранттарының бөлінуін бақылауды ерекше назарда ұстау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ мүшелерімен халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жөнінде мәселелер талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<