ҚАЖ мекемелерінде жазғы спартакиада өтуде

346

0

Сотталғандарды салауатты өмір салтына бейімдеп, моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыру, яғни олардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/5 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайынғы дәстүрге айналған жазғы спартакиада ойындары басталды. Бір айға созылатын жазғы спартакиаданың ашылу салтанатына арнайы Қызылорда облысының  дене шынықтыру  және  спорт басқармасының мамандары қатысып, спорттық жарыстарға төрелік ететін болады.  

Жарыста жазасын өтеушілер спорттың дойбы, шахмат, волейбол, футбол және т.б түрлерінен сынға түседі.  Сайысқа әр жасақтан бір- бір команда қатысып бақтарын сынауда.

Спартакиаданың қорытындысы тамыз айынның соңында шығады. Жеңімпаз командалар мен жүлделі орындарға ие болған жаза мерзімін өтеуші азаматтар  мекеме бастығының грамотасымен арнайы сыйлықтармен  марапатталатын болады.

Д.Ералиев,

ЗК-169/5 мекемесінің

САӘПТЖББ-ның бастығы

әділет лейтенанты.        

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<