Халық ықыласына бөленген Сыр сүлейлері

372

0

Жаңақорған ауданының əкімдігі жəне М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мəдениет үйінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы, Байкенже, Өзгент, Қаратөбе, Қандөз жəне Манап ауылдық округінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сыр сүлейлері» атты көшпелі жыр керуені өнер фестивалі өтті.
Шараға аймағымызға белгілі ақын Айдос Рахметов, Əділхан Қуаңбаев, жырау Шолпан Бимбетова, Майра Сарсенбаева, Оразалы Əлішбековтер қатысты. Шара барысында ауданымыздың мəдениет майталмандары Уалихан Ибрагимов, Əбсұлтан Байкенжеев ағаларымыз əнші, композитор Бексұлтан Байкенжеевтің əндерін орындап, аудан жұртшылығына үлкен демалыс сыйлады. Алдағы күндері де осы шара өз жалғасын табады. Шара М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мəдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаеваның бастамасымен жүзеге асырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<