Әлеуметтік нысандар құрылысы назарда

289

0

Кеше Қазалы ауданының әкiмi М.Ергешбаев бастаған арнайы топ аудан орталығындағы және ауданға қарасты елдi мекендердегі бірқатар құрылыстар мен әлеуметтiк нысандарды аралады.
Рейд Аранды ауылдық округiнен басталды. Алдымен биыл топан судың әлегінен жұмысын уақытша тоқтатқан №97 мектепке барып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строй Модуль Сервис» ЖШС мекемесінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Құрылысшылар білім ошағын заман талабына сай етіп өзгертуде. Бүгінгі күнге ғимаратты екі жерден швеллермен құрсаулау, ғимарат іргетасын нығайту жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, ғимараттың екінші қабатының жарылған қабырғалары мен едені жөнделіп, сырлау жұмыстары жүргізілуде, ал бірінші қабаттың жарылған қабырғалары сыланған.
Уәде етілгендей жөндеу жұмыстары 27-тамызда аяқталып, білім ошағы 1-қыркүйекте білім алушыларды қабылдамақ. Аудан басшысы азын-аулақ ескерту, ұсыныс жасап, әлеуметтiк нысанның даярлығына оң баға бердi.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<