Қоғам мен мемлекет қажеттілігі

349

0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті  ЗК-169/5 мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы №387 Жарлығы және «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №912 қаулысы, сонымен қатар, стратегияны жүзеге асыруға арналған жоспар аясында, ұдайы негізде босатылатын сотталғандардың қоғамға әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік-психологиялық көмектер көрсету, босатылғаннан кейін жұмыспен және тұрмыстық қамтамасыз ету, туыстық байланыстарын қалпына келтіру.
Сотталғандарды босатылғаннан кейінгі қайта бейімделуге дайындау кезеңінде жоғарыда аталған әлеуметтік бағдарлама аясында ЗК-169/5 мекемесінде босатылушы тұлғалардың мәселелерін шешу үшін  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, жергілікті полиция қызметі, пробация қызметі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен,  сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, тұрақты мекенжайы және қажетті әлеуметтік-құқықтың көлемін анықтау мақсатында көлемді шаралар жүргізіледі.
Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген органдар мен бірлестіктердің өкілдері сотталғандарға босатылғаннан кейінгі құқықтары мен ішкі істер органдары мен пробация қызметтерінің профилактикалық есептеріне тұру жөніндегі міндеттері, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Қазақстан Республикасының Заңы негізінде еңбек нарығындағы жұмыспен қамтылуға дайындық және азаматтардың мемлекеттік органдардың делдалдығы арқылы жұмыссыздықтан қорғалуы, жұмыспен қамтылуға көмектің кепілдігі жіне еңбек таңдауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектің көрсетілуі,  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы -2020», «Серпін» бағдарламаларының  принциптері және еңбекпен қамту орталықтарының міндеттері жөнінде кең көлемде мағұлмат бере отырып түсіндіреді.
Алдағы уақытта көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Р.Альтаева,
ЗК-169/5 мекемесінің
ЕТО жөніндегі  инспекторы,
әділет майоры      

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<