ӨРТКЕ ОРАНҒАН ҮЙДЕ БОЛДЫ

390

0

«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас консультанты Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы, Қазақстан Республикасының Банк омбудсманы Сиырбаев Ерсерік Дәменұлы, «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Айткей Болатбек, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі Баекеев Мақсұт Әбдуалиұлы Сырдария ауданындағы іс-сапарлары кезінде 24 шілде күні өртке оранған Қойшыбаев Қайраттың отбасында болды.
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Есенов Расул Әбутәліпұлының жеке қабылдауында болған жұбайы Естиярова Гүлшаттың өтініші бойынша мектеп жасындағы 4 баласына мектеп құралдары және азық-түлікпен қамтылды. Отбасы мүшелері өз кезегінде ел ағаларына алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<