Ата Заңды ұлықтау парыз

326

0

Елімізде    тұрып  жатқан  азаматтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін   бір де  бір  күш  Ата заң  десек,  еш  қателеспейміз.    Өз  егемендігімізді , тәуелсіздігімізді  жариялағаннан  кейін, 1995  жылы   30-тамызда   Ата  заңымыз   қабылданып, еліміздің  нығаюына   үлкен  септігін  тигізді.  Содан  бері 23 жыл бойы Қазақстан  Республикасының Конституциясын үлкен  мереке  ретінде  тойлап  келеміз.    Жыл  сайынғы  дәстүр  бойынша  «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» да  мерекелік  жоспардың  бір  тізбегін   осы  айтулы  күнге   арнап,  мүмкіндігі  шектеулі  жандармен  бірлесіп  атап  өтуде.  «Ата Заңым  –  абырой, дәстүр, арымыз»  деп  аталатын  іс-шараны  мүмкіндігі  шектеулі  азаматтар   әнмен  шырқап,   өздерінің  шеберліктерін  шыңдап  қана  қоймай,   мерекені  салтанатты  түрде  өткізіп,  басқа да  азаматтарға  тамаша  көңіл  күй  сыйлай  білді. Сонымен  қатар, осы мерекемен тұспа-тұс келген «Мектепке жол» акциясына да баса назар аударылып, жеті  тұрмысы төмен отбасының балаларына сабаққа қажетті құрал-жабдықтар  сыйға тартылды.

  Жазира Әділбекқызы, 

Мүгедектерге  арналған  оңалту  орталығының кітапханашысы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<