Салтанатты шара өтті

420

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент басшылығының, жеке құрам қызметкерлерінің және сала ардагерлерінің қатысуымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының конституциясы күні  мерекесіне орай салтанатты  шара өтті.
Айбыны асқақ Ата Заңымыздың мерекесіне арналған салтанатты шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен ашылды.
Шарада Департамент бастығы, әділет полковнигі Ғанибек Сырмағанбетов  сөз сөйлеп, ұжымды  алда келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады. Сондай-ақ шара барысында ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылып, қызметтерін мінсіз атқарып жүрген бірқатар департамент және мекеме қызметкерлері Ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының, Департамент бастығының құзырымен 13 қызметкер медальмен, 8 қызметкер грамотамен және 10 қызметкер алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің ІІ дәрежелі «ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен ЗК-169/1 мекеме бастығының  тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Тілеумұратов Руслан Қуандықұлы, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен ҚАЖ департаментінің Тылмен қамтамасыз ету тобының бас маманы   әділет майоры Ауешов Жарас Әуезханұлы марапатталды. Одан соң Департаменттің заң тобының бас маманы Абдиев Бақытжан Жүргенұлы «Конституция-кемел келешектің кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы ұжымды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, еліңе, халқыңа адал қызмет ете беріңдер деп жылы лебізін білдірді.
Шараға арнайы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері қатысып, Ата Заңымызға байланысты көшпелі кітап көрмесімен таныстырды. Одан әрі Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай дайындап келген викториналық сұрақтарына департамент қызметкерлері барынша  жауап беріп, белсенділік танытты.
Шара соңында департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституция туралы деректі фильмі көрсетілді.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<