Жастар арасында республикалық инновациялық жобалар байқауы өтеді

1555

0

«NURINTECH» pеспубликалық жастар инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы Ереже

 

Жалпы ережелер

 

Осы Ереже республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсатын, міндеттерін, қатысушылар санатын, өткізу тәртібі мен талаптарын анықтайды.
Байқау ұйымдастырушысы – «Нұр Отан» партиясы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). Байқаудың өткізілуін үйлестіру «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатына жүктеледі (бұдан әрі – Үйлестіруші орган).
Байқауға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 19 қазанынан бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 30 қарашаға дейін жалғасады.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми- инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.
Байқаудың міндеттері:
ғалымдардың,           инженерлік-техникалық            жұмысшылардың, өнертапқыштардың, аспирант, студенттер мен оқушылардың инновациялық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
жастарды ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу;
жастардың зияткерлік әлеуетін Қазақстан Республикасының ғылыми- техникалық және әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын шешу жолында қолдануға жағдай жасау;
отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу;
энергия және ресурс үнемдеу технологияларды, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңашыл жобаларды қолдау.

Байқау номинациялары

 

Номинациялар атаулары:
«Әлеуметтік маңызды инновациялар»;

«Үздік жас ғалым»;
«Жастардың инновациялық жобасы».
Байқауға  қатысуға  келесі   тақырыптардағы инновациялық  жобалар қабылданады:
жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);
химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;
өнеркәсіптік және құрылыстық технология, өндіріс;
агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс);
IT және авиағарыш технологиясы;
медицина, медициналық техника және технология, фармация;
табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;
робототехника;
жол қозғалысының қауіпсіздігі;
үздік лайфхак;
3D баспа және жаңа материалдар;
гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;
экологиялық инновация;
наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;
білімдегі инновация.
Жалпы жүлде қоры 5 250 000 теңге.

Жүлде қоры байқаудың түрлі номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында үлестіріледі:

«Әлеуметтік маңызды инновациялар» номинациясының жеңімпазы және жүлдегерлері (2 және 3 орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 және 250 000 теңге иеленеді;
«Үздік жас ғалым» номинациясының жеңімпазы және жүлдегерлері (2 және 3 орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 және 250 000 теңге иеленеді;
«Жастардың инновациялық жобасы» номинациясының жеңімпазы және жүлдегерлері (2 және 3 орын) сәйкесінше 1 000 000, 500 000 және 250 000 теңге иеленеді.

Байқау қатысушылары

 

Байқаудың «Әлеуметтік маңызды инновациялар» номинациясына 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және шет мемлекетте тұрып жатқан этникалық қазақтар қатыса алады.

Байқаудың «Үздік жас ғалым» номинациясына 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және шет мемлекетте тұрып жатқан этникалық қазақтар қатыса алады.

Байқаудың «Жастардың инновациялық жобасы» номинациясына 14 және 29 жас аралығындағы техникалық және кәсіптік білім беру орталықтарының және жоғары оқу орындарының студенттері, бакалавр және магистратура бағдарламасы бойынша оқып жатқан Қазақстан Республикасының резиденттері қатыса алады.

Байқауға қатысуға жобаның бір авторымен қатар, 5 адамнан аспайтын авторлар тобы (авторлық топтың жетекшісі анықталуы тиіс) да жіберіледі.
Әр қатысушы бір өтінім жібере алады.
Байқауға жаңа ғылыми, инженерлік, зерттеу немесе қолданбалы нәтижелерден тұратын өз бетімен орындалған инновациялық жобалар ұсынылады.
Реферат түріндегі жұмыстар қабылданбайды.
Байқауға жаңа материалдар, өнімдер, процестер, құрылымдар, қызметтер, жүйелер немесе әдістер және олардың одан әрі жетілдіруі, нәтижелерін коммерциялық тұрғыда қолдануға бағытталған ғылыми жобалар ұсынылады.
Байқауға қатысушылар мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
ереже тармақтары бойынша Ұйымдастырушыларға жүгінуге;
байқауға қатысуға материалдар жіберуге.
Байқау қатысушыларының міндеттері:
байқауға қатысуға ұсынылған Байқаудың міндеттері мен талаптарымен танысу;
осы    Ережедегі    талаптарға   сәйкес     рәсімделген    материалдарды уақытылы ұсыну;
осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
материалдар      мен       түйіндемеде       көрсетілген      ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

Байқау Ұйымдастырушысы

 

Ұйымдастырушы:
байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға құқылы.
Ұйымдастырушының міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Байқау     жеңімпазын      анықтау     мақсатында     Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Сараптамалық және Конкурстық комиссия

 

Байқауды   қорытындылау  үшін   Сараптамалық  және    Конкурстық комиссия құрылады.

Сараптамалық комиссия белгілі сарапшылар, ғалымдар, жоғары оқу орындары, ұлттық компаниялар мен технологиялық парк өкілдерінен тұрады.

Конкурстық   комиссия   белгілі   қоғам   қайраткерлері,  мемлекеттік органдар өкілдері және Парламент депутаттарынан құрылады.

Сараптамалық  және   Конкурстық   комиссия   құрамы   «Нұр   Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Конкурстық комиссия мүшелері: комиссия төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары, Конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ Конкурстық комиссия хатшысы. Конкурстық комиссия хатшысының Байқау қатысушыларының жобаларын бағалауға құқығы жоқ.
Байқаудың Сараптамалық комиссиясы:
инновациялық критерийлері бойынша жобаларды іріктейді;
байқауға ұсынылған жобаларды сараптайды;
қатысушылардың    жобаларын    бағалау    критерийлері    бойынша бағалайды;
сараптамалық комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша Құрама кесте жинақтайды.
Байқаудың Конкурстық комиссиясы:
іріктеуден өткен қатысушылардың жобалары бойынша баяндамаларды тыңдайды;
қатысушылардың    жобаларын    бағалау    критерийлері    бойынша бағалайды;
осы    Ережеде   сипатталған   Байқаудың   номинациялары   бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Байқауға қатысуға жіберілген өтінімдер бойынша ақпаратты анықтау мақсатында Эксперттік және Конкурстық комиссиялар Байқау қатысушыларынан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Өтінімге қойылатын талаптар

 

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқауға қатысуға өтінім ішінде келесі ақпарат болу керек:
осы Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша қатысушының сауалнамасы;
жобаның сипаттамасы, құрамында:
жобаның атауы;
жобаның тематикалық бағыты;
жоба номинациясы;
жобаның жүзеге асырылуы орны;
жобаның мақсаты мен міндеттері;
жобаның өзектілігі;
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;
техникалық сипаттамалары мен технологиялардың баяндауы;
зияткерлік меншік жөніндегі ақпарат (бар болған жағдайда).

Бар болған жағдайда зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар (патенттер, сертификаттар және т.б.), мінездеме, пікір, жобаға қатысты хаттамалар, БАҚ-та, ресми ғылыми мекемелер және мемлекеттік органдар сайттарында жарияланған ақпараттарға сілтемелер (бар болған жағдайда) Portable Document Format форматында сканерленген түрде осы өтінімге қоса тіркеледі.
Жобаның ендірілген тәжірибелі үлгісі бар болған жағдайда эскиз, сызба, нұсқама, суреттер, видео (3 минуттан аспайтын), график, есептеме, тестілеудің есебі (акт және хаттама) және т.б. қоса тіркеу қажет.
Жобалар Ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Байқау тақырыптарына сай келмейтін және уақытынан кейін жіберілген материалдар Байқауға жіберілмейді.
Байқауға жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.

Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары

 

Байқауға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 30 қарашаға дейін jasotan.com сайт арқылы қабылданады.
Байқауға өтінім жібергендер Ұйымдастырушыға Байқауға қатысу жөніндегі өтінімді дайындау мен рәсімдеу мәселелері бойынша хабарласуға құқылы.
Өтінімдерді тіркеуден кейін, Байқау Ұйымдастырушысы материалдарды жинақтап, Сараптамалық комиссияға ұсынады.
Іріктеудің өткізілу тәртібі:

Байқаудың I кезеңіндегі өтінімдерді қарау Сараптамалық комиссиясымен жүргізіледі. Барлық тақырып бағыттарындағы өтінімдер әрбір номинация бойынша бағаланады.

Сарапшылардың бағалау қорытындыларына сәйкес әрбір номинация бойынша жобалар жиналған баллдарына байланысты іріктеледі, ең жоғары баллға ие болған қатысушылар жобаның II кезеңіне (финал) өткізілетін болады. Егер екі немесе одан көп қатысушы бірдей балл жинаса, I кезеңнің жеңімпаздары Сараптамалық комиссия мүшелерінің ашық дауысқа салуымен анықталатын болады.

Байқаудың II кезеңінде қатысушылар өз жобаларын ауызша баяндама және презентация түрінде ұсынады. Уақыт тәртібі – 10 минуттан аспауы тиіс. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау қатысушылардың презентация мен баяндамаларын бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Отырысқа Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі қатысқан жағдайда оның жұмысы заңды, ал шешімдері нақты болып табылады. Қатысушылардың балдары бірдей болған жағдайда, II кезеңнің жеңімпаздары Конкурстық комиссия мүшелерінің ашық дауысқа салуымен анықталатын болады.
Байқау қатысушылары жобаларының бағалау қорытындылары комиссия хатшысына тапсырылып, қорытындылар хаттамасына жинақталады.

Жобаларды бағалау бойынша отырысқа қатысқан Конкурстық комиссия мүшелері және Конкурстық комиссия хатшысы қорытындылар хаттамасына қол қояды. Байқаудың екі кезеңінде жиналған баллдарды қосып есептеудің қорытындысы бойынша Байқаудың 3 номинацияларындағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Жобаны іріктеу критерийлері

 

Бірінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау өлшемдері:

а)     жоба шешімдерінің өзектілігі мен сұранымдылығы (ең жоғарғы баға – 10 балл):

өнімнің суреттемесі (технологиялар);
нарықта ұқсас техникалық және пайдаланылмалы сипаттамалары бар аналогтардың талдауы;
нарықтың қажеттіліктерін талдау (тауаша және ауқымы). б)        жобаны коммерциалау (ең жоғарғы баға – 10 балл):
тәжірибелік үлгі мен қолданыстағы модельдің бар болуы;
инновациялық жобаның экономикалық тиімділігі;
салыстырмалы аналогтар бойынша өнім өндірісінің өзіндік құнының талдамасы (технологиялық тиімділігі);
қаржы тарту бойынша ұсыныстар (өзінің қаржыландыру көзін пайдалану, сыртқы инвесторлар қаражаттарын тарту, соның ішінде инвестициялық банк несиелері және т.б.);
маркетингтік стратегияны әзірлеу деңгейі;
коммерциялау тәуекелі;

в)     инновациялық жобаның ғылыми-технологиялық түрінде пысықтау (ең жоғарғы баға – 5 балл);

техникалық шешімдер мен ойлардың ғылыми-техникалық дәлелдемесі;
тәжірибелік қорытындыға жетуге есепке алынбаған факторлардың әсер ету дәрежесін бағалау;
техникалық   шешімдердің  негізіне   енген   зерттеу  жұмыстары  мен зертханалық шешімдері;

г)     патентке ие болу мүмкіндігі (ең жоғарғы баға – 7 балл);

зияткерлік  меншігін   қорғау  құқығы   бойынша  жоспарлы  ісі   мен техникалық шешіміне қатысты өтінімінің болуы;
патенттік тазалық, патенттік іздеудің сапасы (жобаның жаңашылдығын және ұқсас аналогтарының болуын тексеру);
Қандай да бір критерий бойынша ақпараттың аз болуы немесе жоқтығы тұтас алғанда инновациялық жобаға берілген баллдың төмендеуіне әсер етеді. Сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қорытынды баға әр бағалау критерийі үшін жиналған баллдар қосындысынан құрылады.
Екінші   кезеңдегі   инновациялық   жобалардың  бағалаудың  негізгі критерийлері:

презентацияның мазмұндылығы;
жұмысты қорғау барысында қатысушының біліктілігі;
мақсатты түсіну, баяндама мен ойының жеткізу сапасы;
презентация өткізу дағдылары.

Байқау қорытындыларын шығару

 

Байқаудың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
Байқау қорытындылары Конкурстық комиссиясының хаттамасы негізінде 21 жұмыс күн ішінде шығарылады.
Байқау қорытындылары шыққан күннен бастап 21 жұмыс күн ішінде Байқау Ұйымдастырушысының веб-сайтында жария етіледі.

Жобаларды алға жылжыту және коммерциялау

 

Ұйымдастырушы өзекті халықаралық инновациялық байқаудың тізімін қалыптастырады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне халықаралық байқауларға қатысу үшін өтінімдерді рәсімдеу, құжаттама мен презентациялар дайындау бойынша қолдау көрсетілетін болады.

Байқауды өткізу уақыты мен кезеңдері

 

кезең (2018 жылғы 19 қазан – 2018 жылғы 30 қарашаға) байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
кезең (2018 жылғы 3 – 14 желтоқсан) жобаларды сараптау және іріктеу; III кезең (2018 жылғы 15 – 25 желтоқсан) байқаудың нәтижелерін бекіту; IV кезең (2019 жылғы қаңтар) байқаудың жеңімпаздарды марапаттау;

V кезең (2019 жылғы қаңтар – желтоқсан) 3 үздік жобаны халықаралық инновациялар байқауларына жіберу.

Медиа-ресурстар

 

Байқаудың ақпараттық қолдауын партияның медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестері қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырушының байланыс ақпараты

 

Байқау Ұйымдастырушысы: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, 602 кабинет, тел. +77172 70 76 84, сайт: jasotan.com.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<