Қызылордада инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан

288

0

Фото: freepik

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қызылорда облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырып жатыр.

Өңірде «Бисенәлі» ЖК-мен наубайхана мен қоймалардың құрылысын салу инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Облыстық прокуратураның мәліметінше, инвестиция көлемі – 300 млн теңге. Оны іске асыру 28-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазалы ауданының прокуратурасы «Әйтеке би кентінің әкімдігі» инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқаны анықтады. Жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі аяқталды деп қате есептеген.

Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде жерді пайдалану мерзімі ұзартылды және кінәлі қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<