Қызылорда облысы тұрғындарының назарына

323

0

Көші-қон қызметі құрылымдарымен 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 7 мемлекеттік қызмет электронды түрде (ХҚКО-да), қалғаны 10-ны қағаз түрінде көрсетіледі.
Қызылорда облысының ішкі істер департаментімен «бір терезе» қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік қызмет алушыларға қолжетімді «Көші-қон қызметтер орталығы»  ашылу жоспарлануда.
Осы уақытқа дейін қағаз түрінде көрсетілген 3 мемлекеттік қызметтер «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу», «Еңбекші көшіп келушілеріне рұқсаттар беру және ұзарту», «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» жол қартаның негізінде қараша айынан бастап электронды түрге көшу жоспарлануда.      

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<