«Жүрек жылуы» мұқтажға жылу сыйлауда

386

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен облыс көлемінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы жүзеге асуда.
Акцияның мақсаты қысқы маусымда әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларды көмірмен қамтамасыз етіп жылу сыйлау, халық арасында мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау.
Бүгінде аймақтағы қалалық «Ақмешіт-Сырдария», «Айтбай», «Нұр», «Мүсірәлі Ата», Сұлтан», «Ыбырайым молда» мешіттері және Шиелі аудандық орталық мешіті мен жанашыр азаматтар бірлесіп жағдайы төмен отбасыларға көмір үлестіріп, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады.
Аталмыш акция өзге мешіттерде де жалғасын тауып, қыс бойы өткізілуі жоспарлануда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<