МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ӘРДАЙЫМ БАҚЫЛАУДА

438

0

Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі дәлелді принциптерге, көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін, стандарттарын және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиал мамандары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген қызметтерге тұрақты түрде сараптама жүргізеді.
Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау мониторингі тиісті ақпараттық жүйелерде және денсаулық сақтау субъектісіне бару жолымен жүзеге асырылады. Мәселен, ақпараттық мониторинг күнделікті көмек көрсету ақауларын растау немесе қабылдау жолымен, ал, субъектіге бару жолымен жасалатын мониторинг Қор филиалы басшылығы бекіткен жоспарға сай орындалады.
Мониторинг барысында анықталған БМСК деңгейіндегі мәселелер, атап айтқанда, кадр жеткіліксіздігі, дәрігерлік аймақтың жоғары тығыздығы, шұғыл емдеуге жатқызу кезінде алғаш рет анықталған ауруларды уақытылы диспансерлік есепке алу мақсатында стационарлық-алмастыратын көмек және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін кейбір медициналық ұйым арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі, диспансерлік бақылауға жататын пациенттерді динамикалық қадағалау және тағайындалған емнің тиімділігін, сонымен бірге, зертханалық, аспаптық  зерттеулердің уақытылы тағайындалуы сапасы, сондай-ақ, стационар деңгейінде 5 процнетке дейін науқастардың айғақсыз немесе сәйкес емес бейін бойынша ауруханаға жатқызылуы, емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан негізсіз ауытқу жағдайлары өз кезегінде емдеудің сапасына және емделушінің емдеу нәтижесімен қанағаттанбауына әкеп соғуы мүмкін.
Биыл 9 айда жоспарға сәйкес 53 денсаулық сақтау нысанына мониторинг жүргізілген. Жүргізілген мониторинг және КООЗ сапасының сыртқы сараптамасы нәтижелері бойынша жалпы сомасы 427158409,9 теңгеге медициналық көмек көрсету ақаулары анықталған. Бұл ұсталған қаражат тұрғындарға сапалы көмек көрсететін басқа медициналық ұйымдар арасында қайта бөлінеді, яғни, айыппұл сакцияларының сомасы салаға қайта инвестицияланады.
Филиал пациенттердің құқықтарын қорғау мақсатында және болашақта облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, көлемін бақылау бойынша өз жұмысын жалғастыра бермек.
Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<