Алматыдан 405 шақырым жерде жер сілкінді

208

0

Қазақстандық сейсмологтар Алматының солтүстік-шығыс бағытындағы 405 шақырым жерде жер сілкінісі орын алғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жер дүмпулерінің эпицентрі Қытай аумағында болған. Ал дүмпу ошағы тереңдігі 20 шақырымды құраған.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынща сенбі күні таңғы сағат 05:36-да тіркелген.

Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік станциясы хабарлағандай, магнитуда 4.5-ті көрсеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<