![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-02/thumbs/1549276191_1549220099_l.jpg)
Тау шаңғы курорттарындағыдай тегіс қар жасау үшін дәлме-дәл температуралық диаграмма қажет. Бұлттан жауатын табиғи қар – қатқан судың көптеген кристалдарының қосындысы. Қар зеңбіректерінің де қары дәл сондай. Бірақ зеңбіректерге жеткілікті деңгейде суық орта қалыптастыру керек. Олар аспандағы бұлттың жағдайына түсуі керек. Біраз зеңбірек оны қарапайым тәсілмен істейді. Олар алдымен суық суды сығылған ауада ұстап, ұсақ су түйіршіктерін жасайды. Ең маңыздысы – зеңбірек ішіндегі ауа температурасының диаграммасы мен судың нақты бір температурасы. Түйіршіктер зеңбіректің түбінде әбден қатып барып сыртқа шығарылады. Бұл – SMI Snow Makers компаниясы жайлы сюжет.
Олар Олимпиада ойындарына арнап жасанды қар жасайды. Қар кристалларын алу үшін 3-тен 15 секундқа дейін уақыт жеткілікті екен. Жасанды қар жасау үшін зеңбіректер минутына 100-500 литр су құртып, бір сағатта 100 текше метр қар жасай алады. Бірақ ол табиғи қарды толығымен алмастыра ала ма? Зеңбірек технологиясы кей жағдайда қарды қатты, кедір-бұдырлы етіп жасауы мүмкін.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-02/thumbs/1549276349_1549220239_l.jpg)
Дереккөз: massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<