ҚЫРЫМДАҒЫ БРЕЖНЕВ САЯЖАЙЫ САТЫЛАДЫ

313

0

Ялтадағы «Глициния» мемлекеттік саяжайы саудаға шығарылды. Бұл туралы Қырым парламентінің спикері Владимир Константинов хабарлады, деп жазады https://www.mk.ru/.

Саяжайды сатудан түскен қаржы республика қазынасын толтырады.  СССР-ді ұзақ жыл басқарған бас хатшының резиденциясы 1 млрд рубльге бағаланып отыр.

Парламентарий саяжайды сатып алуға ниеттілердің бар екендігін де атап өтті. Осыған дейін осындай жолмен ел бюджетіне 2,59 млрд рубль түскен.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<