ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ҚОЛДАУЫ

364

0

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде қармақшылықтар елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне орай ауқымды акция өткізді.
Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов мемлекетті ширек ғасырдан астам уақыт басқарған әрі Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан Елбасының сіңірген орасан зор еңбегін атап өтті.  
Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұржан Оңдашев, «Жастар ресурстық орталығының директоры» Әділ Ыбырахим сөз сөйлеп, Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді жыр елінің халқы да  қолдайтынын жеткізді.
Аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<