ЕКІНІҢ БІРІ…АКАДЕМИК

435

0

Белгілі журналист Гүлбағыш Бостанның Фейсбуктегі парақшасындағы бұл пікірін alashainasy.kz/ жариялады.

   «Бір кісінің визиткасын қарап отырсам, алты жердің академигі екен. Бірдеңе ұйымның академигі, халықаралық бірдеңе одақтың академигі…..бір жерде академиктік тегін үлестіріліп, содан артық болмас деп ала берген сияқты. Мен үшін академик деген ұлы тұлға ҰҒА-ның академиктері Төрегелді Шарманов, Еділ Ерғожин, Сұлтан Сартаев, Көпжасар Нəрібаев…..деп басталатын, ғылымның қаншама сатысын өтіп, шынайы академиктік дəрежеге жеткендер тұлғаларға лайық сияқты боп тұрады. Біз мұғалімдер медал сатып алады деп ренжиміз, ал академиктіктің өзіннің түрлі сорттары шашылып жатқанда кеудесіне титтей жылтырақ таққан мұғалімдікі дымға татымайтын сияқты кейде» дейді журналист.

 Қоғамдағы өзекті мәселені дөп басқан автор жазбасын «Академиялық театрлар бар, осындай атаудың да қадірі кетіп əркім өзінің ашқан бір кабинетін «академиялық орталық» деп жүрмесін əйтеуір. Байқайықшы…» деп түйіндейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<