Өзбекстан президенті беталды қол соғуға тыйым салды

310

0

Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев тағы да жұрт назарында. Бұл жолы көрші ел президенті шенеуніктерге өзіне қошемет көрсетіп, қолпаштап отыруға тыйым салды.

Әрі бұл оның мақтау мен мадақты суқаны сүймейтіндігін білдірген алғашқы әрекеті емес. Даудың басы осыдан бірнеше ай бұрын өзбек әншісі Дильфуза Исмоилованың президентке арнаған бейнеклипінен басталған еді, деп хабарлайды Евразия.

Ол онда Шавкат Мирзиёевті әлемнің сұлтанына теңейді. Алайда әншінің бұл әрекеті өзіне ұнағанымен, президентке жақпай қалған көрінеді. Өйткені бұл бейнеклиптен кейін мемлекет басшысына мақтау мен мадақ айтқан бұлбұлдардың бұдан былай лицензиялары тартып алынатындығы айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<