Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

205

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.
Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<