Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

205

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды,-   деп хабарлайды Ақорда. 
«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда  және интеграция министрі болып тағайындалсын»,- делінген Жарлық мәтінінде.
Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист. 1994-1997 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы. 1996-1997 жж. – ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жж. – ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры. 1998-1999 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары. 1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры. 2002-2003 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры. 2003-2006 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары. 2006-2007 жж. – ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары. 2007-2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Қаржы министрі. 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Қаржы министрі. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусым айына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<