Бүгін синоптиктер Қазақстанның екі өңірінде күн аптап ыстық болатынын болжады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, аптап ыстық Түркістан және Қызылорда облыстарында күтілуде.
«1 шілде күні Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 45-47 градус ыстық болады деп күтілуде», – делінген синоптиктердің хабарламасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<