Бассейнде суға батқан жасөспірімді құтқарған ҚАЖД бастығы “Айбын” орденімен марапатталды

257

0

Фото Polisia.kz сайтынан

Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы “Айбын” орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Айта кетейік, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шығып, жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес- түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалған еді.

Адам өмірін құтқарып, көзсіз ерлік көрсете білген Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымында абыроймен қызмет атқарып келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<