Құрылтай

Кәсіпкерлік – экономика қуаты

3

0

Жергілікті өнім өндірісін арттыру үлен басымыдыққа ие. Қазір облыс орталығында түрлі мақсатта өнім шығаратын кәсіпорындар көбейіп келеді. Бірқатарын облыс әкімі Мұрат Ергешбаев аралап көріп, кәсіпорындарды дамыту бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.

Аймақ басшысы Белкөл кентіндегі «Вега Пром» ЖШС-ның автоклавты газоблок пен құр­ғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытына барды.

Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 30 мың текше метр, құрылысқа 30 адам тартылған. Қазіргі таңда нысанда техникалық іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау аясында 3 гектар жер телімі беріліп, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар Қытайдан жет­кізілген. Кәсіпорынды қыркүйек айында толық іске қосу жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлік – экономика қуаты

Дәл осы аумақта орналасқан асфальтбетон өндірісі «Орда автодор» ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен іске қосылған. Сағатына 60 тонна асфальтбетон қоспасы өндіріледі, жоба құны 1 млрд теңге. Бүгінде өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын толық өтеуде.

Келесі нысан – қала орталығында салынып жатқан «Пана Қаракөз» қонақүйі. Заманауи үлгідегі қонақүйде 70-ке жуық нөмір қарас­тырылған. Сондай-ақ келушілерге қолайлы жағ­дай жасау мақсатында заманауи технологиялар енгізілмек. Мұнан бөлек ғимаратта «Tary» этно-кофеханасы орналасатын болады. Қазіргі уақытта ғимараттың іші әрленіп, қасбеті қапталып жатыр. Қонақүй биыл пайдалануға беріледі.

Кәсіпкерлік – экономика қуаты

Облыс әкімі балық шаруа­шы­лығын дамыту мақсатында құрылған «Хан Бекіре» ауыл шаруа­шылығы өндірістік кооперативінің жұ­мы­сымен де танысты. Жоба құны 31,4 млн теңге, негізгі өндірістік қуаттылығы жылына 28 мың тонна. Мұнда альянский, орыс бекіресі, янтарь және форель өсіріліп, облыс аумағына сатылымға шығарылады.

Сондай-ақ аймақ басшысы «Шапағат» жеке кәсіп­керлігінің жылыжай шаруашылығын ара­­лады. Кәсіпкер озық технологияларды пайдалана отырып, бау-бақша өнімдерін өсірумен айна­лысады. Құны 45 млн теңге, аумағы 1 200 шаршы метр жылыжайда Ташкент лимоны мен қиярдың бірнеше түрі өсірілуде.

«СБ» ақпарат