Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін қашан жұдырықтасатындығы ресми жарияланды

203

0

Геннадий Головкинге әлем чемпионы титулы үшін қашан жұдырықтасатындығы ресми жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йоркте «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Бұл туралы украиналық боксшы Деревянченко өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетсек, мексикалық Сауль Альварес пен украиналық Деревянченко жекпе-жегінің келіссөзі нәтижетсіз аяқталғаннан кейін, IBF чемпиондық белдікті Сауль Альварестен қайтарып алған болатын. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті өткізуге рұқсат бергеннен кейінбелгілі болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<