![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574065810_photo_61194.jpg)
Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Үкімет 2020-2025 жылға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.
«Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың» бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы – 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі», – деді Атамқұлов.
Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер – екі күнкөріс минимумы – 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар. «3,1 күнкөріс минимумы – 92 мың теңге табысы бар кезектегілер «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар – әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға «7-20-25″ бағдарламасы қолжетімді», – деді Атамқұлов.
Оның сөзінше, бес күнкөріс минимумы – 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін «Баспана-хит», «Орда», «Свой дом» секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<