Қызылордалық полицейлер мал ұрыларын қылмыс үстінде ұстады

229

0

 Қызылордалық полицейлер «ізін суытпай» 20 қараша күні Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан 1 бас жылқыны ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады.
Еркін жайылымда жүрген малды ұрлаған күдіктілер бұған дейін де мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың осы тектес мал ұрлығының 6 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.
Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады.Оқиға орнында айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ірі мөлшерде ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ұсталғандарға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<