Алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

206

0

Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанда орналасатын антициклонның ықпалынан ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген болжамда.

Түнде және таңертең жолдың көрінуін 100-500 метрге дейін нашарлататын тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<