![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574856993_191127132631325e.jpg)
«Қазақстанға, өнер сүйер қауымға үлкен сый алып келген – кішкентай Ержан баламызды құттықтаймыз. Осындай жетістіктерге жете бер. Жүзден жүйрік шыққаныңа мың да бір алғыс. 3 миллионнан астам адам дауыс беріпті (…) Осындай жетістіктер бір мезгілде болмайды. Бұл – үлкен жұмыстың нәтижесі. Отбасының, елінің қолдауының, Ержанның еңбекқорлығының нәтижесінде ұлымыз осындай жеңіске жетті. Бизнесте жүрген, әлеуметтік жауапкершілікті сезінген азаматтарымыз да көмектесті. Мемлекеттен қаржы да бөлінді. Сондықтан, біздің еліміздің туын, мәртебесін көтергенің үшін саған көп рахмет», – деді Ақтоты Райымқұлова.
Өз кезегінде Ержан Максим байқау кезінде басынан өткен қызықты оқиғаларды айтып берді.
«Мені қолпаштап, осылай құрмет көрсетіп жатқаныңызға көп рахмет! Байқауда өте қиын болды. Бірақ, ең қызығы байқауда менің құлағыма құлаққап сыймай қалды. Сосын скотчпен құлағыма жабыстырып тастадым. Тағы да көп қызықтар болды. Балалардың бәрі кешке қарай бірге көңіл көтеріп, вальс биледік. Қарсыластарым өте мықты болды. Тамақ жақпай, ерніме ұшық шығып, әрең кетірдім», – дейді Ержан Максим.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-11/thumbs/1574857007_1911271327131041f.jpg)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<