![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-11/medium/1574857088_78432429_2565846270362822_1622669357739933696_o.jpg)
Бүгінде дүрбелеңсіз, бейбіт заманда өзінің елгезектгімен, қайырымдылығымен өзгеге үлгі боларлық азаматтарымыздың көптігі көңілімізді қуантады. Қас пен көздің арасында есінен танған қарияға қол ұшын беріп, өмірін сақтап, ел алғысына бөленіп отырған бұл азамат Қызылорда стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкері Кәжденбек Әлиев болатын.
Осы оқиғадан соң, арада үш ай өткенде, денсаулығы қалпына келген әлгі қарт өзінің жүрекжарды алғысын білдіру үшін Кәжденбекті жұмысына іздеп келді. Ол Қызылорда облысының тұрғыны Қали Жүнісов деген атамыз екен. Жасы сексенді алқымдаған қарт Кәжденбекке деген шексіз алғысын айтып, полиция капитанының ауыр да жауапты қызметіне мол табыстар тіледі.
«Таңертең есік алдына таза ауа жұтып, сергіп қайтуға шыққан едім. Бірақ, жарты жолға келгенде қысылып, өзімді нашар сезіне бастадым. Көзім қарауытып, айналаны көрмей қалдым. Одан соңғысы есімді жоқ… Есімді жиып, көзімді ашқан соң, жанымда бір азамат тұрғанын көрдім. Жөн сұрасам, полция қызметкері болып шықты. Көрер жарығым бар екен. Маған алғашқы көмегін көрсетіп, өлімнен арашалап қалған бұл азаматқа алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді қария ағынан жарылып.
Тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қоймай, осындай қысылтаң сәттерде батылдық таныта білген полицейдің бұл әрекеті кімге де болса үлгі болатыны хақ. Еліміздің ішкі істер саласында осындай азаматтарымыз көп болсын!».
Ал, Кәжденбек Әлиев болса, өзінің бұл әрекетін батырлыққа баламайды, тек қызметтік міндеті мен азаматтық борышы санайды. Бұл да оның қарапайымдылығының нышаны болса керек. Антына берік азамат «Отаныма, еліме, елімнің әр азаматына қауіп-қатер төнсе, мен оларды қорғауға міндеттімін. Ел мен жердің, жалпы азаматтарымыздың қауіпсіздін сақтау менің басты міндетім»-дейді, ол.
Расында, еңсесі биік елімізде алаңсыз ғұмыр кешсек, ол ел қорғандарының арқасы. Біз де арамызда осындай ең ұлы әрі мәртебелі қызметті атқарып жүрген әріптесіміздің барлығын мақтанышпен айтқымыз келеді.
Көліктегі ПД баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<