Ізгі лебіз

285

0

Сіздерді келе жатқан  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

 Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Құрметпен,

Қызылорда облысы бойынша 

Мемлекеттік кірістер 

          департаментінің басшысы  

  Ғ. Орынов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<