Бернард Шоу: \»Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл\»

295

0

  Джордж Бернард Шоу – ирландиялық драматург, жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты.
 ►  Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз.
►  Көп адамды өзіне еш қатысы жоқ нәрсе көбірек қызықтырады.
► Өзі өтініп сұрамаған адамға көмектесуге асықпа, алдыңа келмеген жанға кеңес берем деп килікпе. Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл. ►  Менің қалжыңдау тәсілім – бұл тек шындықты айту. Өмірде одан асқан күлкілі әңгіме жоқ.
►  Достар ренжіскенде бір-бірін жоғалтады деп ойлаушы едім. Жоқ, олар іске, ақшаға, уақытқа келгенде екіге айырылады екен.
 ►  Сөйлеуді үйрендің бе, демек өстің. Үндемеуді үйрендің бе, демек ақылың кірді.
►  Әуеде құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік. Енді бізге бір ғана өмірді адамша сүруді үйрену қалды.
 ►  Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын ысылады.
 ►  Сізде де, менде де алма бар дейік, екеуін ауыстырып алсақ, сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де, менде де идея бар болса, оларды алмастырып алсақ, екеумізде де екі-екі идеядан болады.
►  Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді.
►  Қолынан іс келетін адам әрекет етеді, қолынан түк келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады.
►  Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат ала білу – нағыз ерлік.
►  Шынайы болу қауіпті, оның үстіне ақымақ болсаңыз, тіпті қорқынышты.
►  Нағыз еркек – өз әйелін ең жақсы әйел деп есептейтін азамат.
►  Еңбегіміз сіңбеген бақытты иемденуге хақымыз жоқ.
►  Әлем жұмыс істемей-ақ ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай-ақ жұмыс істей бергісі келетін ақымақтардан құралады.
 ►  Өтірікші үшін ең ауыр жаза – адамдардың оған сенбеуі емес, өзі ешкімге сене алмауы.
 ►  Би – көлденең құштарлықтың тігінен бейленген көрінісі.
►  Күйеулеріңді сүйіңдер. Олар сендердің махаббатарыңа мұқтаж. Тіпті мұны өзі мойындамаса да солай. Әр ұлы азаматтың артында оны шын беріле сүйген, сенген әйел тұрған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<