Айқын мақсат адастырмайды

228

0

  Облыстық филармонияда «Діни экстремизм мен терроризм­нен сақтану жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Шараға филармония директоры Т.Мақашов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов және филармония қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар жүйелі талдау­ды қажет ететін халықтың діни көзқарасы, дәстүрлі емес діни ағымдардың қыр-сырына қанықпаудың кері әсері туралы пікір алмасты. Жат ағымдарға қарсы тұрудың бірден-бір жолы олар жайлы өз уақытында шынайы мәлімет беру екенін алға тартты. Сондықтан әлемге қауіп төндіріп тұрған мәселе жөнінде филармония қызметкерлеріне тиісті мағлұматтар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері арасында экстремизм мен террорис­тік іс-әрекеттің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жиыны өтті.

«СБ» ақпарат.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<