Өскеменде «Ұстаздар үйі» ашылды

993

0

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Ұстаздар үйі» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Онда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Аймұқашев, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы С.Жумадилова, Өскемен қаласының әкімі Ж.М.Омар, ҚР БжҒМ жетекшілері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметова, орынбасарлары және филиал басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, Қазақстанның барлық облыстары бойынша сайыс жеңімпаздары мен ардагер-ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, професссор Г.Ахметова еліміздің Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ұстаздар үйінің ашылуына қуанышты екендігін жеткізіп, сайыс жеңімпаздарын марапаттады.

«Ұстаздар үйі» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі аясында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бейне және дыбыс жазу студиясының, М.Монтессори, «Maker Space» кабинеттері, ақпараттық-әдістемелік орталығымен институттың тарихи залының тұсаукесері өкізілді.

Жиын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Н.К.Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаеваның зертханасы мен мұражайындаболып, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Ұлы дала алтыны» атты көрмені тамашалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<