«Жолаушылар тасымалы» компаниясы пойыз билетін сататын мобилді қосымшаны іске қосты

262

0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды билет сатуды жетілдіру мақсатында Android платформасында жол жүру құжаттары сатылатын «ҚТЖ билеттері» мобилдік қосымшасын іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы қосымша функционалы «bilet.railways.kz» сайтымен бірдей және «Күту парағы» қызметі сақталады. Қосымшаны Play Market-те мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады (ҚТЖ билеттері).

Қосымша тестілік режімде жұмыс істейді, интерфейс және функционалға қатысты ұсынысты clpp2012@mail.ru поштада жолдау керек», делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурста ресімдеуге болатынын еске салады. bilet.railways.kz немесе билет кассасы, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары («QIWI» және «Касса-24» сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға, орын болмаған жағдайда, пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын «Күту парағы» қызметін тегін пайдалануға болады.

«Азаматарды билет сатып алғанда бөгде адамның күмәнді қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактісі анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, қызметкерлері тұрақты негізде вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырамыз», делінген хабарламада.

Компания қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің куәсі болған жағдайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бейнематериалды қоса отырып, ақпарат жіберуді сұраймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<