Алжирде жаңа президент сайланды

218

0

Алжирде мемлекет басшылығына келген жаңа президент Әбдел Маджид Табун ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін сегіз ай бойы Алжир президентсіз өмір сүрді. Көктемдегі шерулер кезінде бұрынғы мемлекет басшысы Әбделәзиз Бутефлики қызметінен кеткен. Әбдел Маджид Табун үкіметте біршама уақыт жұмыс істеген тәжірибелі маман. 2017 жылы ол премьер-министр болып тағайындалған, бірақ қызметінде үш ай ғана тұрақтады. Табун жақында өткен президент сайлауында 58,13% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<