Яндекс Қазақстанда болған жылдың басты оқиғаларын атады

250

0

Яндекс талдаушылары 2019 жылы Қазақстан тұрғындары назарында болған басты оқиғалар тізімін түзді. Сұраныстар санына қарағанда, олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы мен астананың атын өзгерту, FlyArystan лоукостерінің пайда болуы мен мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлау бар. 

Қазақстандағы және әлемдегі оқиғалар: 
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік посттан кетуі және астананың атын өзгерту
FlyArystan лоукостерін құру 
Қазақстанда мерзімінен бұрын өткен сайлау 
Украинада өткен президенттік және парламенттік сайлау 
Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс 
Париж «Құдай Ана» соборындағы өрт
Қырғыз елінің бұрынғы президенті резиденциясына шабуыл жасау 
Ульяновск суворов училищесіндегі эхинококкозді жаппай жұқтыру дерегі 
Қазақстан қалаларында таралған қызылша ауруы оқиғалары
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылық митингілер
Маусым айында ел президенті ретінде сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар 2019 жылы жеке тұлға ретінде – өмірбаяны, пікірі, жетістіктері, әлеуметтік желілердегі профильдері, фотосуреттерімен қоса қызығушылық танытқан адамдар тізімін бастады.

 Адамдар
Қасым-Жомарт Тоқаев 
Владимир Зеленский
Әміржан Қосанов
Билли Айлиш 
Асқар Мамин 
Татьяна Бакальчук 
Хидео Кодзима 
Хоакин Феникс 
Иманғали Тасмағамбетов 
Зарина Догузова 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<