Арал ауданында медициналық бекет ашылды

380

0

 Арал ауданындағы Райым ауылдық округіне қарасты Шөмішкөл елді мекенінде жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Аудан басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып, медициналық бекет халықтың дертіне шипа табатын жайлы орталық болуына тілектестігін білдірді.

Мұнан кейін ауылдық арадагерлер кеңесінің төрағасы Серік Айтуғанов сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, енді тұрғындарға дәрігерлік көмек түрлері, медициналық қызметтер жаңа орталықта жүргізілетін болады. Заманауи талапқа сай салынған медициналық бекетте қабылдау бөлмесі, балаларды қарау бөлмесі, егу және екпе бөлмесі, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмелері қарастырылған.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<