«Қорқыт» құрамасына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды

275

0

Көңілді тапқырлар алаңы ойындарының 2019 жылғы чемпионы – «Қорқыт» құрамасы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жеңімпаз командаға оны облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов табыс етті.
Команда мүшелерімен кездескен Наурызбай Байқадамов жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін алғыс білдіріп, әзіл әлеміндегі орнының қалыптасуына күш салуды тапсырды. Команда тәжірибесін келешек жас командаларға үлгі етуіміз қажеттігін атап өтіп, финалдық жеңісімен құттықтады.
Кездесу барысында команда мүшелері ақтық ойындағы қызықты сәттерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын тілге тиек етті.
Айта кету керек, «Қорқыт» құрамасы КТА ойындарының 2019 жылдың ең үздік командасы ретінде танылып, финалдық кубок игері атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<