«Jastar baly – 2019» шарасы өтті

276

0

 «Орда» мейрамханасында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен облыстық  «Jastar baly – 2019» жылдық қорытынды шарасы болып өтті.

Мерекелік кешке «Nur Otan» партиясы ҚОФ және аумақтық төрағаның бірінші орынбасарлары, қала, аудан жастары қатысты.

Салтанатты шара барысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Шәріпбайқызы қатысуышыларды мерекемен құттықтап, жыл үздіктерін марапаттады. Сонымен қатар белсенді жастарға облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасы, Қуанышбек Ысқақовтың алғыс хаттары табыс етілді. Айта кетейік, Жастар жылында көпбалалы жас отбасыға пәтер кілтін сыйлап, жастар жобаларына үнемі қолдау көрсетіп жүрген «Абзал и К» ЖШС директоры Ералиев Мағжан «Жылдың жас меценаты»  номинациясымен,  жас ақын. халықаралық, республикалық ақындар мүшайраларының жүлдегері, байқаулар лауреаты Дауылбай Мақсат «Шабыт» номинациясы иеленді.

Ал, «Үздік жастар ісі жөніндегі комитеті» номинациясымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғары колледжі, «Жыл студенті – 2019» номинациясымен Шернияз Жалғасбекұлы марапатталды. 

«Жастар» вальсімен басталған айтулы кеште, көпшілік назарына бидің бірнеше түрі ұсынылып, Сыр жұлдыздары ән шырқады. Кеш аясында «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы Талғат Тілес жастар жылында атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

– «Jas Otan»ЖҚ ҚОФБарлық санаттағы жастармен жұмыс жасауды қолға алдық. Бұл тұрғыда спортқа бейім жастар үшін экстремалды ойындар («Workout», «Parkour», «BMX», «Skateboarding») мен стритболдан облыстық турнирлер өтті. Ал, кәсіпкерлікпен айналысуды көздеген жастар үшін «Венчурлық клуб» жұмысын бастады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Қызылорда бизнес хаб» жобасымен бірлесе бүгінгі таңда 300 жас оқытулардан өткізіп, үздік деп танылған жобалар инвестрорлар тарапынан қаржыландырылды. Аймағымызда бірінші рет жастарды еңбекке баулу, масылдық көзқарастан арылту мақсатында барлық 7 аудан, Байқоңыр, Қызылорда қаласында демеушілердің қолдауымен «Jastar Otanga» еңбек лагерлері өткізілді. Лагерге аймағымыздағы студент, жұмыссыз, маргинал жалпы саны – 600 жас қатысты. Биыл партия филиалының қолдауымен «Еріктілер жылына» орай, «Jas Otan» жанынан «Jastar Otanga» еріктілер мектебі құрылды. – деді Талғат Тілес.

Сондай-ақ, жастар балының бас демеушісі «Абзал и К» ЖСШ директоры Мағжан Ералиев кештің «Ханзадасы мен ханшайымына» 50 000 теңгелік сертификат табыстады.  Кеш жастар биімен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<