Әрбір үйге қауіпсіз тағам!

334

0

Енді қолыңыздағы смартфон  арқылы сауда сөрелеріндегі күмәнді әрі сапасыз азық-түлік пен тауарларды лезде анықтай аласыз.

«Ол үшін бар болғаны ғаламторға қосылған смартфоныңыздан «WIPON for consumers» тегін қосымшасын жүктеу қажет. Бұл қосымша арқылы тауардың штрих-кодын сканерлеп, тауардың атауы мен түрі, өнімнің жарамдылық мерзімі, партия (серия) нөмірі мен өндірілген күні, сонымен қатар өнімге қатысты анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы толық ақпарат алуға болады» – деді Тауарлар мен көрсетілген көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Е.Байтанов өз хабарламасында. 

Жарамсыз өнімді осы қосымша арқылы анықтап, арнайы сыйлықтарға да ие болу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталмыш  қосымшаны  келесі сілтемелерден жүктеп алуға болады

Google play https://play.google.com/store/apps/details…

AppStorehttps://apps.apple.com/…/a…/wipon-for-consumers/id1006682447

Бұған дейін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар туралы  тұтынушыларды хабардар ету мақсатында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі» жасаған болатын. Бүгінгі күні  халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді  болу үшін  тегін мобильді қосымша арқылы өнім сапасын тексеру мүмкіндігі жүзеге асырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<