![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-12/medium/1577185919_191223191536954e.jpg)
Аталмыш оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде орын тепкен Әйтеке би көшесі бойындағы төрт қабатты үйдің жертөлесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Онда өрт сөндіру қызметінің 7 маманы мен 2 арнайы автокөлік жұмыс істеді.
«Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы оқиға орнында барлау жұмысын жүргізді. Көпқабатты үйдің астындағы жертөледен үй-күйсіз жүрген 3 адам мен 2000 жылы туған азамат құтқарылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Өрт сөндірушілердің жылдам іс-қимылының нәтижесінде төрт қабатты тұрғын үйге ешқандай залал келген жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<