\»Денсаулық\» бағдарламасының басты мақсаты орындалды ма?

527

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Облыстың денсаулық сақтау саласы мамандары аймақтағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
– «Денсаулық» бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, аналар өлім-жітімін – үш есе, нәрестелердің өлім-жітімін – екі есе, туберкулез, қатерлі ісік, жүрек қан тамырлары ауруларынан болатын өлім көрсеткішін төмендету болып саналады. Бұл тұрғыда біздің облысымыз мақсатты индикаторларға жетті деп айта аламыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Искаков.
Қазіргі кезеңде, облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 72,9 жасқа, жалпы өлім көрсеткіші 4,7 пайызға төмендеді. Қатерлі ісік дерттерін І-ІІ сатысында анықтау 6,9 пайызға артып, кеш анықталу көрсеткіші айтарлықтау төмендеген.
Жүрек қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында облыста «медицина –пациент» жобасы жүзеге асырылды. Яғни, қант диабеті,созылмалы жүрек ауруы, қан қысымымен диспансерлік есепте тұратын науқастар мен медицина қызметкері арасында әлеуметтік – ынтымақтастық келісім жасалған. Облыс бойынша бағдарламаға 3 нозология бойынша 19 030 пациент қатысып, науқастардан үлесі 30,9% өз ауруларын басқаруды игерді.
Облыстың 798 мың тұрғынына медициналық көмекті 23 стационарлық және 20 амбулаториялық емханалық медициналық ұйымдар көрсетеді. «Денсаулық» бағдарламасы аясында бес жыл көлемінде барлық аудандық емханалар және апатты деп танылған Арал, Қазалы, Шиелі аудандық ауруханалары жаңадан салынды. Саланың медициналық құрал жабдықтармен жабдықталуы 54 пайыздан 76 пайызға көтерілді. Соңғы жылдары ең қымбат тұратын компьютерлі тамограф, 2 ангиограф қондырғылары алынды.
– Ана мен бала орталығында 238 медицина қызметкері, оның ішінде 71 дәрігер, 161 орта буын қызметкері жұмыс атқарады. Дегенмен алдағы ауқымды жоспарларды ескерсек 20 дәрігерге сұраныс бар. 2013 жылы неонатолог дәрігерлермен қамтылу 44,5% болса, анестезиолог –реаниматологтар 32,0% болса, қазіргі күні неонатологтар 71%, және анестезиолог-реаниматологтармен қамтылу 75% жетіп отыр. Бізге көп қойылатын сауалдардың бірі-нәресте өлімі.Нәрестелер өлімі көрсеткішіне әсер ететін себептердің бірі- мерзімінен ерте босанудың болуы. Соңғы 4 айда 183-14,0% (125-13,7%) жағдайды құрады, облыстық көрсеткіштен 3 есе жоғары (обл.4-5%). Бұл деп отырғанымыз барлық ерте босану жағдайлары орталыққа шоғырландырылып, өңірлендірілген перинаталды көмектің көрсетілуі нәтижесінде болып отыр. Сондай-ақ, биыл ана өлімі тіркелмеді, – деді облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлнар Хамзақызы.
Осы орайда, журналистер тарапынан әлеуметтік желілерде жарияланған, облыстық перинаталды орталықта босанған ана Күлайша Нұрғалиеваның қазіргі жағдайы туралы сауал жолданды. Орталықтың бас дәрігері Жұмашева Гүлнар Хамзақызы, жас ананың отадан кейінгі жағдайының тұрақтанғандығын, түрлі зертханалық қортындыларының қалыпты деңгейге түсіп келе жатқандығы туралы айтып өтті.
Пікір алысу барысында журналистер салаға қатысты өзекті сауалдарды жолдап, сала мамандарының ашық пікірін білді. Сондай-ақ, журналистер сала жұмысын жетілдіру мақсатында өз ұсынстарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<