Елжан Біртанов: Ауруханадағы азаматтардың жағдайы жеке бақылауымда

208

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Twitter-дегі парақшасында ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын жеке бақылауына алғанын жазды.
«Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Ауруханадағы азаматтардың жағдайы жеке бақылауымда. Зардап шеккендерді қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етеміз», деп жазды Елжан Біртанов Twitter-дегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<